Ақмола облысында мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Ақмола облысында мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу таңертеңнен басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

рәміздер күні

Бұл күні ел тұрғындарын құттықтаудың бастамашылары бизнес субъектілері болды. «Евразия групп Казахстан», «Агример Астық», «Гормолзавод» және «Ақсай нан» кәсіпорындарының қызметкерлері еліміздің Әнұранын орындады, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

«Бүгінде мемлекеттік рәміздер біздің тұрақтылық пен тәуелсіздікті көрсетеді. Мемлекет коронавирус пандемиясына байланысты амалсыз шектеулерге қарамастан, қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау үшін шаралар қабылдауда. Біздің Отанымызды жақсы көрейік», – деп атап өтті «Евразия групп Казахстан» филиалының директоры Елена Звольская-Фоминова.

рәміздер күніБұдан әрі Көкшетау қаласында «Менің туым – менің Отаным» атты акциямен тұрғын үй кешендерінде Мемлекеттік туларды орналастыру жалғастырылды, оған Н. Назарбаев даңғылындағы үйлердің тұрғындары белсене қатысты.

Атақты батыр Бауыржан Момышұлының атын иеленген көшедегі үйдің тұрғындары Қазақстанның жалауын өз пәтерлерінің Балконына шығарды.

«Бұқпа» шоқысында өткен «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» атты патриоттық акция мерекенің көңіл – күйін берді.

рәміздер күні

«Әр түрлі халықаралық іс-шараларда біздің мемлекеттік рәміздеріміз қазақстандықтардың өз елін мақтан тұтады. Мысалы, спортшылар жарыстарда жеңіске жеткенде, біздің жеңістеріміздің құрметіне біздің Туымыз көтеріліп, Әнұран орындалып, қайталанбас сезімдерімізді бастан өткереміз», – дейді акцияға қатысушы, бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Карина Ибрагимова.

Облыстың көптеген мекемелері бүгінде әкімшілік ғимараттардың балкондары мен терезелеріне мемлекеттік жалауларды шығарды.

рәміздер күні

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз