Ақмола облысында 637 грамм салмақпен туылған нәресте перзентханадан шықты – Қазақстан жаңалықтары

0

Көпбейінді облыстық аурухананың Ақмола облыстық перинаталды орталығынан  637 грамм салмақпен туған нәресте шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бала

Сәбидің есімі – Алмаз. Анасының айтуынша, нәресте 26-шы аптасында дүниеге келген. Оған себеп – ананың қатты ауырып, жедел түрде облыстық орталыққа жеткізілуі.

Бала реанимация бөлімінде екі айдан астам уақыт болған, одан кейін жаңа туған нәрестелердің патология бөліміне ауыстырылды.

«Толық емес алты ай және 637 грамм салмақ – біздің кішкентай кереметіміз осылай дүниеге келді», – дейді сәбидің анасы Майя.

Алмаз отбасындағы үшінші бала. Үйде он және он бір жастағы тағы ағалары бар.

Емдеуші дәрігер, неонатолог Наталья Чженнің сөзінше, бала жетілмеген, дене салмағы өте төмен күйде туылған, денсаулығына байланысты үлкен проблемалар болған.

«Ұзақ уақыт бойы біз оның өмірі үшін күресіп келдік, және баланың өзі өмір сүргісі келді, бізге көмектесті. Бақытымызға орай, біз осындай нәтижеге қол жеткіздік және бүгін оларды үйге шығара аламыз», – деді ол.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз