Ақмола облысында 15 және 16 жастағы екі студент қыз жоғалып кетті — новости Казахстана

0

Ақмола облысының Бурабай ауданында 16 жастағы қызды іздеу жұмыстары жалғасуда. Онымен бірге 15 жастағы студент құрбысы да із-түссіз жоғалғаны анықталды. Олар жатақханада бірге тұрған. Екі қыз да толық емес отбасынан, оларды әкелері тәрбиелеп отырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Жоғалған қыздардың туысқандарының мұрағатынан

Жоғалған қыздардың туысқандарының мұрағатынан

Бірінші қыздың жоғалғанын әкесі полицияға хабарлаған, ал екінші қызды әлеуметтік желі арқылы іздеп жатыр.

Олар кәмелеттік жасқа толмағандықтан, полиция екеуін де іздестіру үстінде.

Бұрын үйден кетіп көрмеген қыздардың бұл әрекетке не себепті барғаны табылғаннан кейін ғана белгілі болмақ.

Бірінші қыздың белгілері: бойы 160-162 см шамасында, ұзын қара шашты, қой көзді, еріндері томпақ, дене бітімі орташа. Ерекше белгілері жоқ.

Екінші қыз, Ерезяпова Даяна Балтабаевна. Оның белгілері: бойы 155-160 см, ұзын қара шашты, қой көзді, еріндері томпақ, дене бітімі орташа. Ерекше белгілері жоқ. Қызыл күртеше, қою көк джинсы шалбарын, қара етік киген.