Ақмола облыстық сот ғимаратында өрт шықты
Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымының зақымдануы себеп болған. Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық сот ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Kznews.kz
Өрт туралы ақпарат Egov.Press Telegram-каналына шықты.
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі болған оқиғаға байланысты түсінік берді.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиға 12 наурыз күні кешкі сағат сегіздің кезінде болған.
«Облыстық сот ғимаратының 5-ші қабатында ауданы 30 шаршы метр аумағында кабинеттен өрт шықты. Құзыретті қызметтер дереу шақырылып, өрт шығу қаупі жойылды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, түтіннің шығуына электр сымының зақымдануы себеп болған. Бұл кабинетте жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ өрттен зардап шеккендер болмаған. Құжаттар мен ұйымдастырушылық техникаға залал келмеген.