Ақмаржан Көшербаева: Әр баланың өмірі анасының жылы құшағымен басталуы тиіс
Әнші, UNFPA репродуктивті денсаулық бойынша амбассадоры Ақмаржан Көшербаева VIII Азаматтық форумында «Men senemin атты азаматтық бастамалар конференциясында Қазақстанда жыныстық сауаттылықтың жоқтығынан ана мен баланың өмірі қалай өзгеріп жатқанын айтты.
Ең алдымен қатысушылар әншінің «Қыз тағдыры» атты бейнебаянын тамашалады.
«Қоқыс жәшіктерінен балалар табылды» деген жаңалықтарды оқығанда сіздерді шошытпайды ма? Әрине, шошытады, қорқытады. ХХІ ғасырда, дамыған қоғамда өмір сүре отырып біздер дәретханалар мен қоқыс жәшіктерінің ішінен сәбилерді тауып жатқанымызбен келіспеушіліктер басталды. Мен осы сұрақтарға жауап іздей бастадым. Қалай мұндай нәрсені жасауы мүмкін. Қалай өз туған балаңды өлімге қиясың?» — деді спикер.
Ақмаржан Көшербаева осындай ұқсас әрекеттерді іздеуге дайын тұрған қыздарды тыңдау арқылы осы сұраққа жауабын тапқанын айтты. Мұндай аналар дағдарыс орталықтарынан, басқа адамдардан қамқоршылық көмек алып балаларын сақтап қалған.
«Ең басты себеп ұят болған екен. Жұрттан, көршіден, ата-анасы мен туыстардың алдында ұят. Әрине, ішіңізді жасырсаңыз да дүниеге келген баланы жасыра алмайсыз. Осы себептердің бәрі жас қыздарды қандай қылмысқа итермелейді. Сондықтан жасөспірімдердің жүктілік оқиғаларының барлығы қалаусыз жүктілікке байланысты. Жыныстық жолмен таралатын аурулар, өз-өзін қорғану, концентрацептивтерді қолдану білімі болмаған соң жүктілік пен босану қыздардың өмірінде ең бақытты сәттің болудың орнына олардың өмірін тозаққа айналдырады. Осылайша бұл проблеманың салдарымен, себептерімен күресу керегін түсіндім», — деді әнші.
Оның айтуынша, Қазақстанда аналарға қолдау көрсететін 19 қалада 25 ана үйі жұмыс істейді. Олардың мақсаты балалар жетім болмауы үшін олардың аналарына көмек көрсетіп, балаларын сақтап қалу.
«Елімізде жасөспірім жүктілік көрсеткіші өте үлкен. Жыл сайын 1000 жасөспірім қыздың арасында 36 қыз жүкті болады. Бұл Еуропамен салыстырғанда алты есе көп. Екіншіден, біздің қыздардың денсаулығы өте нашар. Дәрігерлік тергеу деректері бойынша дені сау қыздардың үлесі – 47 пайыз, яғни әрбір екінші қыздың денсаулығы жоқ. Үшіншіден, қауіпсіздік туралы соңғы жылдары 16 жасқа дейінгі адамдарға жасалған сексуалдық қылмыстар 60 пайызға көбейген. Ал енді ең қорқыныштысы – әлеуметтік жетімділік, балалардың 80 пайызы проблемаларын өз ата-аналарына барып айтпайды. Ал олардың жартысы «мен көмек сұрайтын адам жоқ» деген пікірде. Бұл мәселелерді шешу жолдары бар. Мектеп, колледж оқу бағдарламасына жыныстық тәрбиелеуді енгізу, екіншіден тегін концентрацептивтермен қамтамасыз ету, үшіншіден, жастарға арналған медициналық орталықтарда сапалы және құпиялы медициналық қызметтерді көрсету», — деп атап өтті А.Көшербаева.
Ол қазіргі кезде қор халықпен жұмыс істеп, аймақтарда кездесулер ұйымдастыратынын айтты. Алайда «мұндай проблема біздің балаларда жоқ» деп қарсы шыққандар да болған екен. Ақмаржан Көшербаеваның оларға айтатын өз уәжі бар.
«Ауылдарда жыныстық жолмен таралатын инфекциялар мен аурларға тап болғандар, жасөспірім жүктілігі көрсеткіші қаламен салыстырғанда үш есе көп. Бұл концентрацептивтердің жоқтығынан, оны қалай пайдалануды білмегендіктен болып жатыр. Мен, сен, біз, бәріміз бақылаушы болғанымызбен осы қоғамда болып жатқан мәселелерге қатысымыз бар екенін түсіну керекпіз. Масқара нәрселер, қиын жағдайлар біздің үнсіз келісуімізбен жасалып жатқаны рас. Әр бала қалаулы болуы керек. Олардың өмірі анасының жылы құшағымен, әкесінің бетінен сүюінен басталатынына сенемін. Бала – қоғамның ең биік жоғары құндылығы. Қыз болсын бала болсын оларды айыптамай, қолдайық», — деп сөзін түйіндеді спикер.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ