Талдықорғанда бастығын атып өлтірген подполковник екі жылға сотталды — новости Казахстана

0

Талдықорған қаласында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысын атып өлтірген подполковник екі жылға сотталып, жазасын қоныс колониясында өтейді деп хабарлайды КТК арнасы.

otyrar.kz

Көрнекі фото:otyrar.kz

Тергеу барысында ер адамдардың қайғылы жағдай болмай тұрып жанжалдасып қалғандары анықталған. Бірақ олардың не себепті ренжіскендері нақты айтылмады..

Бүгін сот отырысында тағы бір құпияның беті ашылды. Адам өлтірген подполковник басшысының мемлекет мүлігін талан-таражға салу сияқты заң бұзушылық әрекеттерінің куәсі болған екен.

Сот Оспановты қылмысты афект күйінде жасаған деп тауып, екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға 2017 жылы наурыз айында болған еді. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Бердібек Берістемовты орынбасары атып өлтірген еді.

Дереккөз: КТК арнасы


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар