Ақбота Керімбекова: Журналист болсын, желі қолданушысы болсын маған ауыр сөз айтқанның бәрін сотқа берем – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Ақбота Керімбекова соңғы кездері желі мен телеарнада қызу талқыға түсті. Лоторея ойнатты деген желеумен әншіні даттағандар мен айыптағандар саны аз емес. Әнші бұған ешқандай пікір білдірмейтінін, ақталмайтынын айтқан болатын. Араға уақыт салып парақшасы арқылы өз жауабын берді. 

«Қымбатты оқырмандарым! Кеш жарық! Оразаны аяқтадым, Аллаға сансыз шукірлер болсын. Енді эфирге шығайын. Ақталмаймын да, ақталғым да келмейді, себебі ешқандай заңға қарсы әрекет жасағаным жоқ. Шындықты қабыл алсаңыздар, мән жайды түсіндірейін деген ойым ғана.

«Даудың басы Дайрабайдың ала сиырынан басталды» – демекші, бәрі ұтыс ойыны емес, Инвесторлардан дауынан басталған.

Кейбір рейтинг қуып, өздерін «хайппен» жарнамалағысы келетін кейбір журналистер мен сайттар, менің, әріптестерімнің сөздерін барынша бұрмалап, халыққа «жексұрын» көрсетіп жүр.

Менің, шақырған сұхбаттарынан бас тартып, «Қанша рет бұл туралы айттық. Мен енді бұл туралы айтқым да, басымды ауыртқым да келмейді. Журналистер түймедейді түйедей етесіздер. Менің ақшаға қатысым жоқ, мен тек жарнамасына түстім» – деген сөздерімді, ток шоуға емес, «халыққа басымды ауыртқым келмейді» деп бұрмалап көрсеткен», – дейді ашынған әнші.

Әнші бұдан былай өз сөзін бұрмалаған, не жала жапқан, жке басына ауыр сөз айтқан адамды сотқа беретінін алға тартты. Ол мейі телевизия маманы болсын, желідегі оқырман болсын, оған мән бермеймін деп қатулы.

«Осы күнге дейін, рейтинг үшін «жан пида» боп жүрген және әлеуметтік желіде ауыздарына келгенін айтып, маған қатысты ақпаратты бұрмалап, ақиқатына көз жеткізбей, мән-жәйді білмей, мені қаралап, жала жауып айтылған сөздердің бәріне кешіріммен қарадым. Бірақ…. Бүгіннен бастап, дәл осылай мейлі ТВ, мейлі әлеуметтік желі, инстаграм желісінің пікірінде, кім маған ауыр сөздер айтып, жала жауып, намысыма тиетін сөздер айтса, жазса, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІНІҢ 130, 131 баптары бойынша сотқа беретінімді ескерткенім дұрыс болар. Әр нәрсенің шегі бар. Алланың барын ұмытпайық», деп жазды әнші.


Сиви Ақбота Керімбековаға: Мен текті әулеттен шыққандықтан ақ пен қараны ажырата аламын


stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз