Ақболат Өтебай мен Ақбота-Нұрдың жақын суретке түскені жұрттың қызу талқысына түсті

0
Жақында көрерменге «Маған назар аудар» атты жаңа фильм ұсынылмақшы.
Бұл туралы kznews.kz сайты caravan.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жайдарманның жұлдызды топтарының бірі «Назар аудар» құрамасының капитаны Ақболат Өтебай жақында «Маған назар аудар» атты фильмнің жарыққа шығатынын хабарлады.
Түсірілім Алматы қаласында өтіп жатыр.
Басты рөлдерде: Ақбота-Нұр және Ақболат Өтебай.
Фильмің продюсері Ақболат Өтебай:
«Қысқаша фильм туралы: Аты: «Маған назар аудар». Актерлар: Назар аудардың барлық жігіттері және танымал кино-жұлдыздары. Көрсетілім: 2023 жылдың бастапқы айларының бірінде.( алдағы уақытта нақтыланады. Еліміздің барлық кинотеатрларынан көре аласыздар. Жанр: драма, комедия. Не туралы?: оны кинотеатрдан көріп білесіздер Қысқасы: мощный кино болады ин ша Алла! Сіздерден тек үлкен қолдау және аншлаг зал!», — деп жазба қалдырды.