Домой Жаңалықтар Ақан Сатаев: «Альмира Тұрсынмен бір-бірімізді құрметтейміз» (ВИДЕО)

Ақан Сатаев: «Альмира Тұрсынмен бір-бірімізді құрметтейміз» (ВИДЕО)

0
2612

«Қазақфильм» киностудиясының президенті, белгілі режиссер, продюсер Ақан Сатаев Динара Сәтжанға берген сұхбатында бірінші жары Нәзира Бақаевамен не үшін ажырасқанын ашып айтты деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.

Жүргізушінің «Сіз үлгілі жар, 5 баланың әкесі болдыңыз. 25 жыл бірге тұрдыңыздар. Не үшін ажырастыңыздар? » деген сауалына «Біз Нәзира екеуміз барлығын ойлана келе ажырасу деген ортақ шешімге келдік. Мен ажырасуды қолдамаймын, насихаттамаймын. Бірақ, кейбір жағдайларда бұл дұрыс шешім болып табылады. Нәзира екеуіміз ұрыс-керіссіз үлкен адамдарша бұл шешімді қабылдадық. Әлеуметтік желіде ажырасу туралы ақпаратты бірге бір күнде жарияладық. Әртүрлі қауесеттердің алдын алу мақсатында.

Сөзіне қарағанда, жол соңында жұбайы екеуі бір-біріне бақыт тілеген. – Ал енді бақытыңызды таптыңыз ба? — деген сауалға Сатаев: «Айту қиын, бірақ қазір бізге қолайлы. Махаббат бар деуге болады», — деді.

Киногердің айтуынша, екеуінің ажырасуының себебі қандай да бір сыртқы факторларға байланысты емес. «Барлығы Назира екеуміздің қарым-қатынасымызға байланысты», — деді ол. Ата-анасының екіге кеткеніне балалар да түсіністікпен қараған.

Дәл сол кездері ажырасқан «Томирис» фильмінің бас кейіпкері Альмира Тұрсынға қатысты сұраққа: «Біз Альмира екеуміз доспыз. Бір-бірімізді құрметтейміз. Бізде ортақ көп нәрсе бар» деп жауап берді.