Ақан Сатаев 50 жаста: бұрыңғы жары өз сүйіктісімен шетелде демалуда

0

Белгілі режиссер, «Қазақфильм» киностудиясының басшысы Ақан Сатаев 50 жасқа толды. Осы орайда режиссер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан құттықтау хатын және Алматы қаласы әкімінің марапатын қабыл алды.

Режиссерді күні бойы Instagram желісінде кино, шоу-бизнес өкілдері толассыз құттықтады. Сонымен қатар, балалары да әкелерін желіде құттықтап, фотоларымен бөлісті. Ал, бұл кезде режиссердің бұрыңғы жары Назира Бақаева Доминикано елінде өзінің сүйіктісімен демалуда. Бұл туралы Нәзира ханым Instagram желісінде бөлісті.

Еске салайық, Ақан Сатаев пен Назира Бақаева былтыр қарашада Instagram-дағы парақшаларында ажырасқанын мәлімдеген еді. Бес баланы тәрбиелеп отырған олар жақын дос болып қалғанын айтқан.

Кейін әлеуметтік желілерде «Қазақфильм» басшысы мен актриса Альмира Тұрсынның арақатынасы туралы қауесеттер тарады. Себебі екеуі де бірдей дерлік мезетте ажырасқаны талқыланды. Оған қоса, актриса сол кезде жақында жарық көрген Сатаевтың «Боксер» картинасына сценаристерінің бірі ретінде қосылды. Айта кетейік, 2019 жылы жарық көрген «Томирис» фильміндегі басты рольге Альмира Тұрсын 20 мың үміткердің арасынан таңдалған.