«Ақ жол» Назарбаевқа ескерткіш орнатып жатыр ма: Перуашев жауап берді

0
421

Әлеуметтік желіде «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев пен партия өкілі Қазыбек Иса Назарбаевтың келбетіне ұқсайтын ескерткіш алдында тұрып түскен сурет жарияланды.

Әлеуметтік желі қолданушылары ақжолдықтарды Назарбаевқа ескерткіш қойып жатыр деп есептеп, оларды айыптап жатты.

«Парламенттегі “оппозиция” “Ақ жол” партиясы Назарбаевқа Түркістанда қойылатын ескерткіш алдында 😀 Сайлау кезінде “Ақ жолға” дауыс беруге шақырған “оппозиционерлер” көрді ме екен бұл суретті? Мына тұрғандарды нағыз “туфли жалағыш” деп қалай айтпайсың енді?» деді Жанболат Мамай.

Бұл сұрақтарға ресми жауап берген Азат Перуашев өзінің телеграм каналында ресми жауап берді.

«Желілерде жарияланған суретке байланысты түсетін сұрақтарға мынаны хабарлаймын. Өткен қыста өзім құрметтейтін, атақты мүсінші Тілеуберді Бинашев ақсақалымыз шеберханасына шақырып, дастархан жайып, басқа да туындыларымен бірге бозбала кезіндегі досы Шәмші Қалдаяқовтың мүсінін көрсеткен еді. Сол кезде мүсінші ағамыз жасаған бірнеше жұмыстарының қасында тұрып, суретке түсуімді өтінген болатын.

Қалғанының барлығы-әлдекімдердің сандырағы. Сәттілік тілеймін» деп жазды «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.