Аптаның үздік жеті хикаясы
Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.
Украинадағы президент сайлауында әртіс Владимир Зеленскийдің президент Петр Порошенкомен қатар екінші турға өтуі Қазақстан жұртшылығын таңырқатып, әлеуметтік желіде «Украинадағыдай болғанын қалаймыз» деушілер көбейді. Белсенділер Украинадағы демократиялық сайлаудан үлгі алуға шақырса, оппозиция алдағы президент сайлауына ортақ кандидат ұсынуға бола ма, жоқ па деген мәселені талқылап көрмекші. Мақаланы толық оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Қазақстанның тұңғыш президенті, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басына, дүние-мүлкіне ешкім қол сұға алмайды, оны сотқа тартуға болмайды. Ол өмір бойына бюджет есебінен пәтер, кеңсе, саяжай, көлік, демалыс орны, медициналық сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз етіледі. Мұның барлығы «Тұңғыш президент – Елбасы туралы» конституциялық заңда жазылған.
Жергілікті әлеуметтік желі қолданушылары тұңғыш сапарын Мәскеуден бастаған Тоқаевты «Ресейдің тиісті деңгейде күтіп алмағанын» талқылап жатыр. Сарапшылар «кездейсоқ ештеңе болмайды» деп санайды. Мақаланы толық оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Қазақ-қырғыз шекарасында жүздеген жүк көлігі кідіріп тұр. Қырғызстан төтенше жағдайлар қызметі оларға бірнеше күннен бері ыстық тамақ таратып жатыр. Күні-түні өшпейтін мұздатқыш көліктердің кейбіріндегі «азық-түліктер бұзыла бастаған». Ал Қазақстан жағы «шекарадан өтетін жүк көліктері тауар саны мен бағасын кем көрсетіп, Қазақстанға тиесілі салықты азайтып отыр» деп айыптайды. Мақаланы толық оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Қытайда туып-өскен бірнеше этникалық қазақ студент екі жылдан бері Түркияда бас сауғалап жүр. Қазақстан сыртқы істер министрлігі оларға виза беруден бас тартқан. Мақаланы толық оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Ресей президенті Қазақстанда ұзақ уақыт дауға айналған АЭС салу тақырыбын қайта қозғап, құрылысқа жәрдем беруге әзір екенін мәлімдеді. Мақаланы оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Диализге мұқтаж жандар соңғы екі айдан бері қажетті дәрі-дәрмексіз қалып, денсаулықтары нашарлағанын айтады. Олар мемлекеттен тегін берілетін дәрі мөлшері азайғандықтан «сүйегіміз жұмсарып, құлап қалатын жағдайға жеттік» деп шағымданады. Денсаулық сақтау министрі «жылда қайталанатын проблеманы» шешу жолдары қарастырылып жатқанын хабарлады. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.