Қазақстаннан Үндістанға ұшу уақытша тоқтатылады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық «Эйр Астана» әуекомпаниясы сәуір айының соңына дейін Үндістан мен Пәкістан арасындағы қатынастардың шиеленісуіне және екі ел әуе жолдарының жабылуына байланысты Үндістанға қатынайтын ұшақтар өз жұмысын тоқтатты деп хабарайды Stan.kz.

Қазақстаннан Үндістанға ұшуы уақытша тоқтатылады

«Эйр Астана» әуекомпаниясы Пәкістан мен Үндістан арасындағы әуе жолдарының жабылуына байланысты 11 сәуірден 30 сәуірге дейін Нұр-сұлтан мен Алматыдан Делиге ұшатын барлық рейстерді тоқтатуға мәжбүр»,-делінген әуекомпаниясының мәлімдемесінде.

Азаматтық авиация комитеті жағдайды толықтай қадағалауда. Әуе жолдары ашылған бойда, авиакомпания туристерге қайта қызмет көрететін болады.

«2019 жылдың 11-30 сәуірі аралығында Қазақстанға қайтуы керек жолаушыларға авиакомпания интерлайн-серіктестері арқылы билеттерді қайта броньдайды немесе  рейстеріге билеттерді алу орталығына немесе сатып алу орнына барып, айыппұлсыз авиабилеттерді кері өткізе алады», — деп хабарлады ААК.

Барлық халықаралық рейстер үшін әуе қатынасының жабылуы себебі, Пәкістан мен Үндістанның  арасындағы әскери қақтығыс жалғасып жатқандығы және Кашмир өңірдегі қауіпсіздік ахуалының ушығуы деп хабарлады ҚР азаматтық авиация комитетінде.

stan.kz