«Антикор қызметкері» Ақтау әкімдігінен жер телімін бопсалаған

0

Көптен бері  өзін «Антикор» қызметкері ретінде таныстырып жүрген  Нұрбол Кәрімов ақтаулық шенеуніктерден бизнес үшін жер телімін талап еткен.

 «1997 жылы туған Нұрбол Кәрімов өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері ретінде таныстырып, Ақтау қаласы әкімдігінің қызметкерлерінен коммерциялық нысандар үшін оның атына жер телімін рәсімдеуді талап еткен. Кәрімовтің заңсыз әрекеттеріне дер кезінде тосқауыл қойылды» деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

«Антикор қызметкері» тергеу абақтысына  жіберілді. Еске сала кетейік, Кәрімов өткен жылы танымал болған. Шымкентте ол полицейлердің көзінше «Антикор» қызметкерінің жалған куәлігін көрсеткен. Артынша кешірім сұрады.