Әнші Саят Медеуовтың анасы қайтыс болды

0

Қазақ эстрадасының жұлдызы Саят Медеуовтың анасы өмірден өтті. Нұрғайша әжейдің қазасы туралы қаралы хабарды алғашқылардың бірі болып, Мейрамбек Бесбаев жеткізді.

Бесбаев өнердегі әрі өмірдегі досына қайғыра көңіл айтып, Instagram желісінде жантебірентерлік жазба жариялады.

Өнер иесі өз анасындай болып кеткен Нұрғайша әжейдің қазасын ауыр қабылдаған.

«Қадірлі досым, бүгінгі суық хабар жанымды жылатып, жүрегімді езіп кетті. Саят бауырымның анасы Нұрғайша апамыз қайтыс болды. Елге барғанда еміреніп бауырына басып, балаларым келді деп бар мейірімін төгіп күтетін, кең жүректі асыл адам еді. Досым, бар адамзат жиылып келіп мейірін төксе де анаңның орнын баса алмайды. Алланың жазғанына адамның көнбеске шарасы бар ма. Анамыздың иманы жолдас болсын. Барша ағайын-бауырға қайғыра көңіл айтамын» , — деп жазды «МузАРТ» әншісі.