Түркістан облысындағы ауруханадан түсірілген видеодан кейін хирург жұмыстан қуылған (ВИДЕО)

0

Түркістан облысы Келес ауданындағы Абай ауруханасының хирургі әлеуметтік желілерде жарамсыз медициналық қолғаптар туралы видео жариялап, көп ұзамай жұмысынан айрылды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Бейнежазбада Қайрат Сейәлиев қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнімдер сапасыз екенін, киіп жатқанда жыртылғанын көрсетті. Бұған дейін дәрігер аурухана әкімшілігіне жүгінген, бірақ ешқашан сапалы қолғап алған емес.

Видео  әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырғаннан кейін дәрігердің жұмыстан босатылғаны туралы белгілі болған.

33 жастағы хирургтың айтуынша, ол осы ауруханада 8 жыл бұрын «Дипломмен – ауылда» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан. 7 жыл хирургия бөлімінің меңгерушісі болды. Алайда, ең нашар өзгерістер 2020 жылдың ақпанында болған. Дәрігердің айтуынша, ауруханаға жаңа басшылық келгеннен кейін мамандарды негізсіз қудалау басталып, медициналық жабдықтардың жетіспеушілігі туындады.

Басылымның мәліметінше, комиссия шешімімен келіспейтін хирург Президентке облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аурухана әкімшілігіне заңсыз жұмыстан шығарғаны және оған қарсы жала жапқаны туралы өтінішпен жүгінгісі келеді.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз