«Әнші ДНК тапсыруға жасырынып барған»: Бейбіт Қорғанның болжамды баласы жайлы оқиғаның соңы белгілі болды

0
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы жазған болатын.

Тележүргізуші Дина Төлепберген әнші Бейбіт Қорғанның болжамды баласы жайлы бар жағдайды ашық баяндады. 

Бейбіттің болжамды баласы не болды? «Астарлы ақиқатты» жүргізуімді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНК алу үшін, ақыры оны сотқа сүйредік. Оның қан тапсырған қалай келгенін көрсең шошисың. Құдды бір отадан шыққан Майкл Джексондай. Маска шоу маңырап қалады. Ауыр диагноздағы бала жайлы бірдеңе айтар ма деп едік, ләм мимсіз ұзатылып жатқандай артына қайырылмай кетті. Бізден қашса да, ақыры Атырауда заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды. Нәтижесін сот бір айдан кейін жариялауы тиіс. 

Ал, әншінің әріптестері Қорғанның қимылынан қателік көріп тұрған жоқ секілді.  

Әншінің өнердегі әріптесі Жеңіс Ысқақова былай деді:

— Оны біле тұра қойнына кірдің ба басымен көтер. Ал, туған екенсің сондай бір талантты жігіттен. Ол әйел өзі үшін туды. Тумауына да болар еді.  

Абай Бегей де әншінің сөзін сөйледі:

— Төрт-бес жылдан кейін келіп, жала жабатындар көп қой, деді қысқа қайырып. 

Әнші осыдан 13 жыл бұрын берген сұхбатында «шалыс баспайтынын» айтқан.

Бізден қорғанып, қашқақтаудың қажеті жоқ. Менімен ашық сұхбатқа кел, ақиқатыңды айт. Бізге басқалардың емес, баланың болашағы маңызды, деп тележүргізуші сұхбатқа шақырды.

Еске салсақ, былтыр қараша айында «Астарлы ақиқат» бағдарламасына Атырау қаласының тұрғыны Нұргүл Зиханова есімді келіншек, «Баламның әкесі – Бейбіт Қорған» деп мәлімдеген болатын.