Әнші Бүркіттің Аишасы намазға жығылды.

0
1847

Әнші Бүркіттің жары Аиша бір жылдан бері таңғы намазға жығылғанын Динара Сатжанның «Жүз сұхбат» бағдарламасында хабарлады. Бұл жаңалықты жақсы қабылдаған тележүргізуші, өзінің де намазға келгісі келетінін жасырмады.

«Мен әзірге таңғы намаздан бастадым. Таңғы төртте тұрып, күнімді намаздан бастаймын. Намаз арқылы жүрегіме тыныштық, сабырлық, барлығын сүюге күш-қуат аламын»– деп жауап берді Аиша.

Бағдарлама барысында Бүркіт пен Аиша өздерінің зәулім үйлерін көрсетіп, пандемия кезінде уақытты қалай өткізгендерін айтты.
Өнерде де, өмірде де алдыңғы қатарда жүрген Бүркіт, барлығына өз еңбегі мен ата-анасының тәрбиесі арқылы жеткенін жеткізді.

Сұхбаттың толық нұсқасын Динара Сатжанның Youtube каналынан көре аласыздар.