Әнші Абай Бегейдің ұлы хиджабтағы аруға сөз салды

0

Белгілі әнші Абай Бегей желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің ұлы Жалғас Бәдинұр есімді аруға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Ер жігіттің таңдауы орамалды қызға түскен екен.

“Қазақ елі, сүйінші! Ұлымның жаңалығымен бөлісіп қояйын. Алда отбасымызда ұлан-асыр. Бұйырса тума-туыс, дос-жаран, барлық жақындарымызды тойда күтеміз. Аллама шүкір. Ұлым үлкен өмірге қадам басып жатыр. Жастар бақытты болсын”, – деп жазды өнер иесі.

Абай Бегейдің қызы Ерке мен екінші әйелі Фариза да әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

“Көптен күткен күнге де жеттік. Дәл қазір артымнан ерген тетедей бауырым, қаным бүгінде ұрпағымызды жалғастырар жар тауып, өзінің сүйіктісіне үйленуге ұсынысын білдірді. Қадамыңа гүл бітсін, ботам. Берекелі шаңырағымызға қош келесің. Эмоциямды айтып жеткізе алмаймын. Келін өзіме ұқсайма қалай”, – делінген жазбада.

Желі қолданушылары Абай Бегейдің ұлы мен болашақ келіні марқұм анасына ұқсайтынын айтып, қуанышымен құттықтады.

“Анасына ұқсайды екен, жаным, бақытты болсын”, “Келін отбасыңызды бақытты етсін”, “Анасына қатты ұқсап кетті”, “Құтты болсын, бар жақсылықты тілеймін”, “Бақытты,ғұмырлы болсын”, “Жастар бақытты болсын, аға”, “Келініңіз Жалғастың анасына ұқсайды екен”, – деп жарыса жазды желідегілер.