Ливияда су тасқынынан 2000-нан астам адам қаза тапты деп болжануда

0

Ливияның шығысындағы жойқын су тасқынынан 2000-нан астам адам қаза тапты деп болжануда. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ливия билігі Дерна қаласын ең көп зардап шеккен апат аймағы деп жариялады. Электр қуаты мен байланыс өшірілгендіктен, қаламен байланысу қолжетімсіз болған.

Елдің әскери өкілі Дернада қатты су тасқынынан 1200 адам жарақат алғанын хабарлады.

5000-нан 6000-ға дейін адам хабар-ошарсыз кеткен.

Шенеуніктің айтуынша, Әл-Марж, Суса, Шахат және Әл-Байда қалаларында да бірнеше адам қаза тапқан.