Ангела Меркель коронавирусты жұқтырды деген күдікпен үй карантиніне жабылды – Қазақстан жаңалықтары

0
15

Германия канцлері Ангела Меркель коронавирусты жұқтырды деген күдікпен үй карантиніне жабылды, деп хабарлайды Deutsche Welle басылымы.

Неміс дәрігері Меркельдің не себепті денесі қалтырайтынын түсіндірді

Канцлерге қауіпті кеселді жақында ғана екпе салған дәрігері жұқтыруы мүмкін. Себебі кейінірек медициналық маманнан COVID-19 анықталған.

Осыдан екі күн бұрын ғана Меркельдің супермаркеттен азық-түлік алып жүрген жаңалығы желіні шулатқан еді. Енді канцлер үйден жұмыс істейді. Сондай-ақ корнавирусқа тест тапсырып, денсаулығын анықтап алуы керек.

Айта кетейік, Германияда коронавирустың өрши түсуіне байланысты қазір екі адамнан көп жиналуға тыйым салынуда. Онда індетті жұқтырғандар саны 25 мыңға жетті. Көз жұмғандар – 94. Ал 266 науқас құлан таза айығып шықты.

stan.kz