Қазақстанда тағы бір адамнан коронавирус табылды

0

Ең көп коронавирус жұқтырғандар саны Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр – 31 адам, одан кейін Алматы тұр

НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. Алматы қаласында тағы бір адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Осылайша, қазіргі уақытта Алматы қаласында 24 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Қарағанды каласында 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақтобе облысында 1 адам коронавирус жұқтырды, жалпы 60 науқас тіркелді.

Қазақстанда 16 наурыздан бір айға төтенше жағдай режимі енгізілді, ал 19 наурыздан Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз