Анель Арынова өзіне сезім білдірген «ағашкаларды» жайып салды (видео) — новости Казахстана
«Кешью» тобының бұрынғы әншісі Анель Арынова өзіне сезім білдірген «ағашкалар» жайлы сөз қозғады. Әнші «Ойбай Life» бағдарламасында өзінің етігіне ақша қыстырған адамдардың болғанын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.
«Өзінің ойы бар екенін ашық айтқан «ағашкалар» болған емес. Алайда кейбіреулер арқылы өзінің ойы бар екенін жеткізгендер кездесті. Олар біреудің сенде ойы бар екенін жұмсартып жеткізеді. Ал мен жай ғана бас тартатынмын.
Кей кештерде адамдар етігіме ақша қыстыратын. Бірақ олар менің теуіп жіберуім, қолын қағып жіберуім мүмкін екенін ойламаған шығар», — деді Анель Арынова.
Осыдан кейін Мұхит Сапарбаев әншіге «Ал қазіргі уақытта саған осылай сезім білдіретіндер болады ма?» деп сұраған.
«Қазір ондай дүниелер айтылмайды. Бірақ бір рет менің директорым арқылы ойы барын білдірген адам болды. Бірақ кім екенін білмеймін», — деп жауап берді әнші.
Анель Арынованың сұхбатының толық нұсқасын «Ойбай Life» бағдарламасынан көре аласыздар.
Естеріңізге сала кетейік, Анель Арынованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар