«Соңына дейін күрес»: Ақан Сатаев Серік Сәпиев жайлы фильм түсіріп жатыр — Бокс

0

Танымал қазақстандық режиссер Ақан Сатаев Олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиевтің өмірбаяны негізінде фильм түсіріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақан Сатаев фильмнің постерін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Суретте — жарық шамдары түскен шаршы алаң және рингке қарап тұрған адам. 

«Боксер» фильмнің слоганы былай деп жазылған: «Соңына дейін күрес. Ауыртпалықтар уақытша. Триумф мәңгі». 

 «Достар, ірі масштабты, қызықты жобаны бастағанымыз туралы қуанышпен хабарлаймын», — деп жазды режиссер Instagram желісіндегі парақшасында.