Анау Арыстанбек Мұхамедиұлы Димашты өзі тапқандай болды. Ұятсыздар — Болат Атабаев
Мәдениет пен өнер, саясат пен елдегі қазіргі жүйе жайлы ащы ойларымен бөліскен талантты режиссер Болат Атабаев Қанат Тілеуханны «Жаңа Алаш» каналына сұхбат берді.
«Қазақстанды Германиямен салыстыруға келмейді. Қазақстанда кафедра меңгерушісі болдық. Декан, ректор болдық. Не істей алдық? Не жаңалық енгіздік. Қандай талантты аштық? Кешегі Өзбекәлі Жәнібеков мәдениет министрі болған жоқ. Министрдің орынбасары болып жүріп қаншама дүниені жасады. Ілияс Омаров қандай жұмыстарды атқарды. Темірбек Жүргеновтың еңбегі қаншама. Ал біздің министрлер не бітірді? Димаш шығып еді бәрі жабысты. Анау Арыстанбек Мұхамедиұлы Димашты өзі тапқандай болды. Ұятсыздар. Егер біз мемлекетшіл болсақ неге барлық сала ақсап тұр. Өзімшілміз. Анау Ақтоты Райымқұлова не істеп отыр? Ең болмаса бір талантты ашса ғой» дейді Атабаев.