Әмір Темір қабірінің ашылу сәті: Өзбекстан мұрағаттағы мемлекеттік құпияны алып тастады (ФОТО)

0
846
Advertisement

Өзбекстанда алғаш рет Самарқандтағы Гури Амир кесенесінде белгілі ортағасырлық қолбасшы Әмір Темірдің (Темірлан) қабірінің ашылуының ерекше фотосуреттері жарияланды.

«Өзархив» 1941 жылы Әмір Темірдің кесенесі қалай ашылғанын суреттейтін фотоларды жариялап, былай деп хабарлады: «1941 жылы Әмір Темірдің қабірін экспедицияның жетекшісі Т.Н.Кори-Ниязи мен антрополог М.М.Герасимов ашты».

Қазіргі уақытта барлық фотосуреттер Самарқанд облыстық мемлекеттік архивінде сақтаулы.

КСРО үкіметінің Әмір Темір мен оның туыстарының қабірін ашу туралы шешімі 1941 жылы маусымда қабылданды. Сараптаманың өзі сол жылы 20 маусымда болған.  

Аңызға сенсек, Совет үкіметі 1941 жылы Әмір Темірдің қабірін ашу туралы шешім қабылдайды. Алайда көріпкелдер қабірді ашуға болмайтынын, ашылған күні соғыс басталатынын ескертеді. Бірақ үкімет мүшелері бұған құлақ аспайды.

1941 жылы 20 маусымда Герасимов қабірді қазды, 21 маусымда Гитлер Совет үкіметіне қарсы соғыс ашты.

 

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз