Америкалықтар бағып алған қазақ баласы Қазақстандағы туыстарын іздестіруде — Қазақстан жаңалықтары

0

Америкалық отбасы бағып алған қазақ баласы Өскемендегі ағасы мен әпкесін іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Теодор

Теодор Уолтон есімді бозбала бұл туралы Facebook-тегі парақшада жазба қалдырыпты. Сөзінше, ол 2001 жылы туған. Қазақстанда оның есімі Марат Тоқтарұлы Оразғалиев болған. Ал 2002 жылы оны америкалық ерлі-зайыпталар бағып алған. 

«Мен Қазақстандағы отбасымның суреттерін тауып алдым. Мен Өскеменде туғанмын. Ағам мен әпкемді іздестіріп жатырмын. Олардың тегі Оразғалиев болуы керек. Егер қажет болса өзімнің биологиялық ата-аналарымның есімідерін атайын: Оразғалиева Жанар Ахметқызы, Оразғалиев Тоқтарбек Әлиұлы. Әрбір көмек қолы үшін алдын ала алғыс білдіремін», — дейді АҚШ азаматы. 

Бұған қоса ол туған анасының қайтыс болғанын айтады. Бұл туралы бозбала өз бетімен ізденіп тауыпты. 

Теодор АҚШ-тың Флорида штатында Пенсакол қаласында тұрады екен. 

 

stan.kz