Тоқаев Бейсен Құранбектің отбасына көңіл айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

599 0 0

Президент қазақстандық журналист «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларын жүргізіп, халықтың ыстық ықыласына бөленгенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбектің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Белгілі журналист, танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Бейсен Құранбек қазақ журналистикасында өзіндік орны бар, кәсіби қолтаңбасын қалыптастырған азамат еді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларын жүргізіп, елдің ыстық ықыласына бөленді, халықтың алғысын алды. Ол Алматы облыстық «Жетісу» арнасының директоры ретінде білікті басшы, ұтқыр ұйымдастырушы екенін де көрсете білді. Марқұмның топырағы торқа, жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын!», – делінген жеделхатта.

Танымал тележүргізуші 49 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Бұған дейін Бейсен Құранбек әлеуметтік желідегі парақшасында емделіп жүргені жайында жазған болатын.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз