«Альвареспен реванш өтетіні туралы ресми мәлімет жоқ» — GGG командасы — Бокс
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің командасының өкілі Жанар Өтешова мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр деген қауесетке қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Мынаны анықтап алу керек: бүгінде ресми мәлімдеме жоқ. Мен олардың (Альварес командасы — авт. түсіндірмесі) үшінші жекпе-жек туралы айтқаны не жазғанына сенбеймін. Олардың екі жекпе-жек алдында айтқан бос сөздеріне үйренетін кез келді?!», — деді Өтешова Instagram желісіндегі парақшасында.
Оның айтуынша, мексикалық боксшының командасы Головкинді масқара етуді мақсат еткен.
«Қысқа ғана жауап қайтарар болсақ: Мен үшінші жекпе-жек туралы не айтып не жазса да сенбес едім. Себебі оның барлығынын сол тарап жазып шығарып жүр», — деді ол.
Айта кетейік, Головкин — Альварес арасындағы екі кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтті. 2017 жылы өткен жекпе-жек тең аяқталды, ал 12 айдан соң кездесуде төрешілердің көпшілігінің шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Осылайша Головкин барлық белбеуінен айырылып қалған еді.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz