Альварес пен Джейкобсты жеңе алатынымды бәрі біледі

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Әлімханұлының ганалық Исса Самирмен жекпе-жегі коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы барлық атақты боксшыны жеңе алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Твиттердегі парақшасында спортшы Сауль Альварес, Деметриус Андраде және Даниэль Джейкобстың суреттерімен өзінің суретін қойып, былай деп жазба қалдырды: «Мен оларды жеңе алатынымды бәрі біледі. Маған дәлелдеудің қажеті жоқ. Мен тек іс жүзінде көрсеткім келеді. Қазақ стилі — бұл ең үздік стиль».

Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді – видео 

Еске сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты Әлімханұлының ганалық Исса Самирмен жекпе-жегі кейінге қалды. Қазақстандық спортшы WBC Continental America және WBO Global титулдарын осы шайқаста қорғауы керек еді. 



sputniknews.kz