Алтайдан Атырауға дейін жүгіруге шыққан спортшы

0

Бүгін марафоншы, балуан, қоғам белсендісі Марғұлан Ермағанбетұлы Алтайдан Атырауға дейін өз эстафетасын бастады. Спортшы алдымен Үлкен Нарын ауданына тоқтады.

«Бүгін аймақ мені құшақ жая қарсы алды. Мына тамаша табиғатпен ауыл тұрғындары мақтанатыны сөзсіз. Тауы, көлі, орманы бар. Мендегі мақсат Алтайдан Атырауға дейін ұлан байтақ жерді жүгіріп өтіп, спортты және қазақтың сокралды аймағын насихаттау. Эстафетаны басқа да әкімдерге жолдаймын. Қатонқарағай аудан әкіміне алғысым шексіз. Мемлекеттік басқаруда ғана емес, басқа да түрлі салада ауыз толтырып айтатын жетістіктері де баршылық. Әкімнің спортқа да бейімі бар екенін аңғардым. 10 минут жүгіріп сұхбат беріп, 5 шақырымды артқа тастап, бәріңізді спортпен шұғылдануға шақырамын! — деді Марғұлан Ермағанбетұлы.

Марафон мақсаты ауыл спортын дамытып, еліміздің ішкі туризіміне үлес қосу екен. Бір жағынан параолимпиадалық балаларға көмек көрсету.