Алтай Көлгінов Жансая Мусинаға екі бөлмелі пәтер беріпті

0

Астанада өткен айтыста “Алтын домбыраны” жеңіп алған айтыскер Жансая Мусинаға Батыс Қазақстан облысы Алтай Көлгінов екі бөлмелі пәтер берген. Бұл туралы облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары Жарқын Түсіпбекұлы өз парақшасында жария етті.

Жансая Мусина Астанадағы айтыстан бас жүлде – “Алтын домбырамен” Оралға жеткенде оны облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов бастап, мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев қатарлы аймақ шенеуніктері әуежайдан құрметтеп қарсы алған еді. Кейін айтыскерді облыс әкімі Алтай Көлгінов қабылдап, құрмет көрсеткен болатын.

arasha.kz