Қазақстанда небулайзерлік терапия жүргізетін алғашқы кабинет ашылды

0
91

Инновациялық ингаляция жүргізетін озық медициналық жабдыққа халықаралық «Homed Medical Device Co., Ltd.» компаниясымен және тыныс алу жүйесіндегі ауруларды емдеуге арналған заманауи препараттар жасап шығаратын халықаралық «Астра Зенека» биофармацевтикалық компаниясының қоян-қолтық жұмыс атқарғанның арқасында қол жеткізілді.

Респираторлық патологиялар да әр елде өлім-жітімге ұшырататын дерттердің басында тұр. Және мұндай науқасқа шалдыққандар қатары ірі қалалардың урбанизация деңгейінің жоғарылауына байланысты ұдайы артып келеді.

Ал Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мәліметі бойынша, елімізде емханаға жатқызылған кішкентай науқастар арасында өкпенің созылмалы обструктивті аурулары басым түсіп отыр, олардың ішінде муковисцидоз 7,7%, бронхоэктатиялық ауру 9,9%, созылмалы бронхит 10% және  тыныс демікпесі 15%-ды құрайды. Емханаға жатқызылған мұндай науқастарды емдеу кезінде пероралды және парентералды дәрілік заттарды қабылдау қиынға соғады. Дәріні ингаляция арқылы енгізу науқастардың жағдайын әлдеқайда жеңілдетіп, өткір ауруларды басып, тезірек емделіп кетуге және стационарда жату уақытын азайтуға айтарлықтай мүмкіндік береді.

Небулайзерлік терапияны жүргізуге арналған тұңғыш палата толығымен жабдықталып, Орталыққа ақысыз негізде табысталды. Кейінірек еліміздің басқа аймақтарында да осындай кабинеттерді ашу жоспарланған. Кішкентай науқастар амбулаторияда ем қабылдай алады, ал бұл емханаға жатқызуға жұмсалатын шығындарды төмендетіп, қосымша экономикалық үлесін қоспақ.

Айтулы оқиғаға Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жетекші мамандары, ғалымдар мен қоғамдық ұйымдар қатысты.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ

Дереккөз: http://egemen.kz/