Алсу «Голос.Дети» шоуындағы даудан кейін балаларымен бірге Ресейден кетіп қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ресейлік «Голос.Дети» шоуынан кейін басы дауға қалған әнші Алсу қыздарымен бірге мемлекеттен кетіп қалды. Жақын құрбысы Любовь Успенскаяның сөзінше, әнші «бәрін ұмыту үшін» отбасымен бірге демалуға кеткен.

Алсу «Голос.Дети» шоуындағы даудан кейін балаларымен бірге Ресейден кетіп қалды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Комсомольская правда» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Алсу бәрін ұмыту үшін балаларымен бірге демалуға кетті»,  — дейді Успенская. 

Алайда ол әншінің отбасымен бірге қай жақта демалып жатқанын айтпады.

Алсудың қызы Микелла Абрамова «Голос.Дети» шоуында жеңіске жеткеннен кейін, әнші мен қызының жұрттың қызу талқысына түсіп, сынға қалғаны белгілі. Көрермендердің дені дауыс беру жүйесінің әділдігіне күмән келтірді. 

Осы жағдайға байланысты пікір білдірген «360» тобының әншісі Любовь Успенская бұл Алсуды көре алмайтындардың әрекеті болуы мүмкін екенін айтты.

«Бәлкім, біреу одан өш алғысы келген болар. Алайда неліктен екенін, себебін кейінірек білеміз… Егер ол Алсудың қызы болмаса, бұл жағдайға ешкім мән бермес еді», — дейді Успенская.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық Group-IB компаниясы «Голос. Дети» байқауындағы дауыс санын қайта тексеріп, кибершабуылдар мен сандық тексерулерді жүзеге асырады.

Компания мамандары тәуелсіз тергеу жүргізіп, телефон қоңыраулары мен SMS-хаттарды санайды. Өзге де технологиялық қабылдауларды есепке алады. Шоудың дауыс беру жүйесін тексеру үшін бір аптадан бір айға дейін уақыт қажет. 

«Голос. Дети» шоуының финалы мен суперфиналы 25 сәуірде өтті. Екі кезең бойынша Абрамова ең көп дауыс жинап, жеңіске жетті. Оның тәлімгері әнші Светлана Лобода болған еді. Желі пайдаланушылары байқаудың қорытындысын сатып алынған, ал өнері — масқара болды деп шулады. Абрамованың финалда орындаған әндері желіге жүктелген екі сағат ішінде 4,6 мың дизлайк жинап, ұнату белгісін басқан адамдар саны 862 ғана болған.

stan.kz