Данияр Елеусінов 8 маусым күні Головкиннің жекпе-жек кешінде кездесу өткізеді

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Боксшы өзінің кәсіпқой бокстағы кездесуін 25 мамырда АҚШ-та өткізуі тиіс болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Данияр Елеусінов Әлем чемпионы, украиналық Александр Усик (16-12 КО)  пен франциялық Карлос Такамның (36-5-1, 28 КО) АҚШ-тағы жекпе-жегі кезінде кездесу өткізуі тиіс еді. Алайда Рио олимпиадасы чемпионының командасы кездесуді шегерді, деп хабарлайды Sports.kz.

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы кездесуі

Қазақстандық боксшының менеджері Зия Алиевтің айтуынша, команда кездесуді Геннадий Головкиннің жекпе-жек кешінде ұйымдастыруды шешкен.

«Біз Данияр 25 мамырдың орнына 8 маусым күні кездесу өткізеді деп шештік. Яғни жекпе-жек Геннадий Головкиннің кешінде өтеді. 10 раундтық кездесудегі қарсыластың есімін алдағы уақытта жариялайтын боламыз», — деді ол.

Тағы оқыңыз: Данияр Елеусінов туралы қызықты деректер

Еске сала кетсек, 8  маусым күні WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы бұрынғы Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Нью-Йоркте бірде-бір рет жеңілмеген канадалық спортшы Стив Роллспен (19-0, 10 КО)  кездеседі.  



sputniknews.kz