Алматының түнгі стриптиз клубы карантинге қарамастан жұмыс істеген (видео)

0

Алматы полициясы департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қонақтарды қабылдаған түнгі стриптиз клубты анықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі болғандай, Алматыдағы стриптиз-клуб Алмалы ауданы Наурызбай батыр көшесіндегі үйдің бірінің жертөлесінде жұмыс істеп келген.

«Тәртіп сақшылары келген кезінде клубта ер адамдарға қызмет көрсететін 13 бойжеткен болған. Қыздардың Алматыға Қазақстанның барлық аймағынан жұмыс істеуге келгені анықталды. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», -деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

https://youtu.be/Wu27J_Ff4Oc

Еске салсақ, бұған дейін біз өз қатысуымен түсірілген порнографиялық сипаттағы видеоларды таратты деген күдікке ілінген қарағандылық ару тәртіп сақшыларымен соттаспақ екенін жазған едік.

Полицейлер порновидеолар түсіріп, ақшаға сатты деген күдікке ілінген 30 жастағы қарағандылық арудың ұсталғанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, қыз интим- қызметтерді 300 долларға көрсетеді деген ақпарат айтылған. Порнографиялық видеолар тек Қазақстанға ғана емес, басқа да мемлекеттерге тарағаны анықталған.