Ғаламторда ақша табу: жолдары мен түрлері

0
897
Advertisement

Бүгінгі таңда интернет тек хабар-байланыс, коммуникация, ойын-сауық құралы ғана емес, әмбебап нарық, табыс көзіне де әлде қашан айналып үлгерді.

Нақты сілтемелер, скриншоттар, видеодәрістер арқылы ақша табудың жолдарын көрсейік.

Аталмыш жазбамыз Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастырып отырған «Еркін сөз» байқауына арнайы дайындалды.

Ең алдымен, ешқандай сайт ашпай-ақ, YouTube-ке блог түсіріп, монитизацияға қоспай-ақ, ақша табуға болатын мүмкіндіктерді айта кетейік.

Артық төлем жасамай, сайт ашпай-ақ ақша табу жолдары

Yandex.Toloka – бұл бос уақытында компьютерден немесе ұялы телефоннан қарапайым тапсырмаларды орындай отырып, ақша табуға мүмкіндік беретін Яндекс қызметінің бір түрі. Ол жерде арнайы кәсіби дайындықтың, белгілі мамандықтың қажеті жоқ. Тек тапсырмалар тізімін қарап, өзіңізге ыңғайлысын таңдап, орындасаңыз, жұмыстың көлемі, қиындығы, ұазқтығына қарай табыс табасыз.

Тапқан табысыңызды банк картасына немесе т.б электронды әмияндарға аударып ала аласыз.

Копирайтинг, рерайтинг. Бүгінгі сайт журналистері, блогерлер бұл терминмен таныс. Мәтінді қайта жазу, өңдеу арқылы да табыс таба аласыз.

1. ADVEGO 

2. ETXT 

3. TURBOTEXT

4. TEXTBROKER 

Фотоларды сату. Әлемдік БАҚ, танымал сайттар, журналдар т.б мақсатта сапалы суреттер іздейді. Сатып алады. Дәл осындай мақсаттағы әлемдік танымал сайттарға өз суреттеріңізді орналастыру арқылы да табыс таба аласыз.

  1. fotolia.com
  2. depositphotos.com

Блогтарға, форумқа, әлеуметтік желі жазбаларына пікір жазу, лайк басу, репост жасау. Бұл үшін сіз өз аккаунтыңызбен тапсырылған желідегі жазбаға пікір жазып, лайк басып, жазылып, репост жасау арқылы табыс таба аласыз.

Мысалы, бір компания өкілдері желідегі өз өнімдеріне жақсы пікір жинағысы келсе немесе нашар пікірлер легін жағымды жаққа өзгерткісі келсе, осындай сервистерге ақша төлейді. Сіздің жазған комментіңізге ақша осындай клиенттердің есебінен төленеді.

  1. QCOMMENT
  2. OTZOVIK
  3. ADVEGO
  4. FORUMOK

Өз қабылетіңізді, өнеріңізді сату. Мысалы, сіз дизайнерсіз. Әдемі логотип жобалау, түрлі тапсырыстарды сызуды жақсы білесіз дейік. Онда сізге мол мүмкіндік бар. fl.ru сияқты фрилансер сервистерге тіркеліп, сондағы тапсырыстарды орындай аласыз. Бұл жерде тек дизайн емес, код жазу, сайт жасау, мақала жазу, жарнамаға мәтін жазу, аударма, т.б жұмыс түрлері өте көп.

  1. simplyhired.ru
  2. peopleperhour.com
  3. 99Designs
  4. The Creative Group
  5. TaskRabbit
  6. Freelancer

Әлеуметтік желілердегі қарапайым тапсырмалар арқылы ақша табу. Бұл жерде де өзіңіздің тірі аккаунтыңыз арқылы жазылу, лайк басу, репост жасау арқылы табыс таба аласыз.

  1. VKTARGET
  2. forumok.com
  3. VKSERFING4 
  4. V-LIKE
  5. sociate.ru

Серіктестік бағдарламалар арқылы табыс

(Орыс тілінде партнерских программа деп іздеу арқылы таба аласыз)

Бұл үшін ұсынылған тауардың сілтемесін қойып, оған тапсырыс берген әр адам үшін сіз өз үлесіңізді аласыз. Бұл жақта әр сатылған тауарға ең төменгі табыс 400-500 рублден басталады.

  1. everad.com
  2. luckyfeed.pro
  3. adtrafico.com

Сайт ашу арқылы ақша табу

 

Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастырған вебинарлар сериясында осы мақаланың авторы сайт ашу, домен, хостинг сатып алу, контентті орналастыру, іздеу жүйесіне қосу туралы сабақ өткенбіз.

 

Сабақ барысында бірден 3 сайт ашылған болатын.

Енді сол ашылған сайттан қалай ақша табуға болатыны жайлы айтайық.

Сайтқа ақшаны Google, Yandex және т.б жарнама орналастырушылардың есебінен табуға болады. Ол үшін сайтыңызға күніне кем дегенде 500 адам кіруі керек.

Google Adsense

Google жарнамасын қазақ тілді сайтқа қоя алмайсыз. Оны қосу үшін халықаралық тілдегі сайт ашсаңыз ғана, мүмкіндік бар. Мысалы, орыс тіліндегі сайт, ағылшын тіліндегі сайт, қытай тіліндегі сайт.

Google-дың бұл жарнамасын тек сайтқа қана емес, мобильді қосымшаға да қоя аласыз. Ол жаққа тілдік шектеу жоқ.

Yandex РСЯ

Яндекс жарнамасын қазақ тіліндегі сайтқа қоюға мүмкіндік бар. Егер сайтыңызға күніне 10 мыңнан 20 мыңға дейін адам кірсе, күніне 2000 орыс теңгесіе дейін (қазақ теңгесімен шамамен 11 мың) табыс таба аласыз.

Жергілікті жарнама (нативной реклама)

Google мен Yandex сияқты емес, бірақ, бұл сервистің де жарнамасын сайтқа орналастырып ақша табуға болады. Бұлар Google мен Yandex-ке бәсекелес болмайды, бірақ, сапасыз сурет, ұятсыз тақырып сайтыңыздың әріне нұқсан келтіруі мүмкін.

  1. mgid.com
  2. Толық мәліметтер базасы

Сайтқа жарнама кодын орналастыру

Яндекс жарнамасында да, желілік жарнамада да сайтқа орналастыру үшін арнайы код беріледі. Кодты орналастырғаннан кейін олардың жарнамасы сіздің сайтта көріне бастайды.

Қазіргі сайттардың көбі WordPress-те жұмыс істейді. WordPress сайттарының дамуы өте тез, ауқымды болып отыр. Қолдануға жеңіл, қарапайым. WordPress сайтының дайын дизайн келбетінде жарнама кодын орналастыруға арналған арнайы орындар қалдырылған.

Осы дайын орындарға сіз кодты қойып, сақтау батырмасын бассаңыз жеткілікті. Ол орындар көбінде шаблонның басқару панелінде болады.

Мысалы, мына суретті қараңыз:

Қызыл суреттермен көрсетілген бөлімге жарнама орналастыра аласыз.

Жарнама әдетте жазбаның ішкі бөлімінде көп қаралады және ең дұрыс орындар жазбаның алды, ортасы және жазбадан кейінгі орын болып есептеледі.

Бұл орындар шаблонда көбінде, Theme Panel > Ads деген бөлімде тұрады.

Жазба ішіндегі жарнаманы Article ads бөлімінен табасыз. Жазбаның үстінде тұратын жарнаманы Article Top, орасында болса Article Inline, жазба соңында болса Article Bottom бөліміне кодты орналастырасыз.

Жарнама кодын қайдан аламыз?

Жарнама кодын өзіңіз тіркелген платформаның жеке кәбинетінен өзіңіз жасап алуыңызға болады. Егер өзіңіз жасау жағынан қиындық туындаса, қолдау қызметіне жазып, жарнама орналастыратын жердің өлшемін айтсаңыз, олар сізге жасап береді.

 

Youtube арқылы ақша табу

YouTube-те ақша табудың үш негізгі әдісі бар:

Бірінші, Серіктестік бағдарламаға қосылыңыз немесе медиа желілердің біріне қосылыңыз, Google Adsense жарнамалары арқылы табыс табу үшін.

Екінші, Брендтермен, интернет-дүкендермен, қызметтермен, яғни клиенттерді тіке тарту арқылы, ақша төлеуге дайын адамдармен ынтымақтастық арқылы. Бұл дегеніміз көлік туралы канал автошинаны, көлік майларын, автобөлшектер сататын дүкенге жарнама жасап ақша таба алады.

Үшінші, Аудиторияның адалдығы мен жомарттығы арқылы. Мысалы, Дәулет Төлеутай есімді журналист үй туралы блог жүргізеді және қайырымдылық жасап, өзінің инстаграм және Youtube оқырмандары арқылы ақша жинайды, мұқтаждарға үй алып беріп жүр.

Біз тек бірінші бөліміне тоқталайық. Екінші және үшінші бөлімін сіздің каналыңыз танымал болса, бренд ретінде қалыптасса өздері іздеп келеді деген үміттеміз.

Gmail пошта ашыңыз. Google компаниясының барлық өнімдерін осы бір ғана Gmail пошта арқылы пайдалана аласыз. YouTube жүйесіне де осы Gmail пошта арқылы кіресіз.

Видеоларыңызды жүктеңіз. Мұнда мән беретін бірнеше түйін бар.

  • Өз салаңызды, тақырыбыңызды таңдаңыз. Мысалы, көлікке, медицинаға, құрылысқа, т.б салаға.
  • Видеолардың өзіңіз түсіріңіз, авторлық құқықты сақтаңыз. Себебі, көшірілген видеолар арқылы ақша таба алмайсыз.
  • Видеоны әрлейтін аудионы таңдаңыз. Оны Youtube-тың тегін аудио сервисінен жүктеп алып, атын көрсету керек.

YouTube-те әркім өзінің форматы бойынша видео түсіріп бастаса болады. Қазақ тілді кеңістік әзірге бос тұр деуге болады. Сондықтан іске кірісіңіз. Табыс – аккаунтыңызға тіркелуші, теріс немесе оң көзқарастар және көрілім санына тікелей байланысты. Өнімнің қызықты әрі ерекше болуы шарт. Контент жасақтау – маңызды қадам.

YouTube каналға монетизация қосу. 1000-нан астам жазылушы бар, жылына кем дегенде 4000 сағаттық көрілім жинаған каналға ақша табу мүмкіндігін тіке қоса аласыз. Бұл талаптар 2018 жылдың ақпан айынан бастап пайда болды. Нақтырақ төмендегі скриншот арқылы танысыңыз:

Жарнаманы Youtube-тың тіке өзімен немесе серіктес компаниялары арқылы қоса аласыз. Мұның өзіндік пайдасы және зияны да бар.

Пайдалы тұсы, сіздің арқалайтын жауапкершілікті серіктестер өз мойындарына алады, мысалы, авторлық құқық.

Зиянды тұсы, сіздің табысыңыздың мәлім бөлігін алып отырады.

Танымал серіктес компаниялардың шарты мен табыстан алатын мөлшерін мына скриншоттан көре аласыз:

Нақты сіздің Youtube арқылы қанша табыс тауып жатқаныңызды Google Adsense есептік жазбасынан немесе серіктестің жеке кәбинетінен көруге болады.

Керекті ақпараттар:

Adsense төлемін жіберудің ең төменгі шегі – 100 доллар.

Youtube төлемін алу үшін сізге кәдімгі қазпоштамен код жазылған хат жібереді. Сол хатты жоғалтып алмаңыз.

Видеоны монтаж жасау және жүктеу барысында мыналарға аса мән беріңіз:

  1. Видеоны түсіріп жатқанда каналға жазылу керек екенін әрдайым айтып отырңыз;
  2. Монтаж жасап жатқандай қоңыраушаны бейнеге шығарып, жазылуға шабыттандырыңыз;
  3. Келесі видеода не болатынын айтып, өткен видеодағы танымал пікірлерді жариялап, көрерменді шабыттандырып отырыңыз;
  4. Видеоны жүктеу барысында кілтсөздерді қосуды ұмытпаңыз;
  5. Сипаттамаға видеоның не туралы екенін және қолданған әуеннің атын жазып қойыңыз;
  6. Видео ішіндегі өзіңіз айтып отырған мәліметтерді қайдан алғаныңыз туралы сілтеме, байланыс телефондарын жазып кетіңіз;

 

Мейіржан Әуелханұлы, KzNews.kz

 

 

 

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз