Алматының тергеу абақтысында электронды кезек пайда болады
Қысқа сілтеме алу
Заманға сай бақылау-өткізу пункті келушілердің күту уақытын үш есе қысқартуы тиіс
АЛМАТЫ, 14 қараша — Sputnik. Алматының тергеу абақтысына келушілер енді «билетпен» кіреді. Электронды кезекпен жұмыс істейтін заманауи бақылау пункті ашылатыны туралы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) баспасөз қызметі хабарлады.
«ЛА-155/18 мекемесінде бір терезе қағидаты негізінде заманауи бақылау бекетін салу басымдықтардың бірі саналады, бұл келушілерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», — деп хабарлады ҚАЖД баспасөз қызметі.
Департаменттің мәліметінше, жаңа бақылау-өткізу пункті іске қосылғаннан кейін келушілер бірнеше бақылау пунктінен өтпейді, олар енді үш есе аз күтеді – орташа уақыт бір сағаттан 20 минутқа дейін қысқарады.
Жаңа құрылыс осы жылдың желтоқсан айының ортасына дейін салынып бітуі тиіс. Жоба Алматы прокуратурасы мен қала әкімдігі тарапынан қолдау тапты.