Ішінде адамдары бар аттракцион төңкеріліп кетті

0
Ішінде адамдары бар аттракцион төңкеріліп кетті


Кабина ішіндегі адамдар ғажайыптың күшімен аман қалды.

Джакартада жергілікті ойын-сауық паркінде орналасқан дөңгелегі бар кабина аттракцион жұмыс істеп тұрған уақытта төңкеріле бастады. Кабина ішіндегі адамдар ғажайыптың күшімен аман қалды. 

Төңкерілген кабиналардың бірінде баласы бар отбасы болған. Парк қызметкерлері шұғыл түрде көмекке келгендіктен, олар да дін-аман қалды. 

Куәгерлердің сөзінше, кабина төңкерілмес бұрын дөңгелек кенеттен кері айнала бастаған. Ішіндегі адамдар отыратын кабина түгелімен айналып үлгермегендіктен тірі қалды. Адамдар ішінен шығып, темір арқанға жармасып үлгерді. Оқиға орнына құтқарушылар келді. Адамдар шошынып қалған. 

Дереккөз: Today.kz