Алматының орталығында дәмхана өртеніп жатыр: өрт сөндірушілер адамдарды іздеуде — Қазақстан жаңалықтары

Алматыда Алмалы ауданы Назарбаев көшесі 43/1 мекенжайындағы дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ТЖД өрт сөндіру бөліміне шұғыл хабарлама 11:00-де түсті. Өрт сөндірушілер келген сәтте 5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған қосқабатты ғимараттың жертөлесінде орналасқан дәмханадан түтін шығып жатқан.
«Адамдардың бар-жоғына барлау жүргізілді. Кафе тағам жеткізу түрінде жұмыс істейді. Оқиға орнында 20 өрт сөндіруші, 5 техника және газ-түтіннен қорғау қызметінің 2 құрамы жұмылдырылды. Нысан электр қуатынан ажыратылды. Өрт ошағы анықталды, таралу қаупі жоқ»,- деді ТЖД баспасөз қызметінен.
stan.kz