Садисттер бүкіл қоғам үшін қауіпті: Қазақстанда жануарларға көрсетілген қатігездік үшін жазаны ауырлату талап етілуде — Қазақстан жаңалықтары

0

Әлеуметтік желі қолданушылары жануарларға жасалатын қатігездік үшін жазаны қаталдатуды сұрап үкімет басындағыларға хат жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Садисттер бүкіл қоғам үшін қауіпті: Қазақстанда жануарларға көрсетілген қатігездік үшін жазаны ауырлату талап етілуде

Бірқатар белсенділер орын алған жануарларға қатігездік көрсету оқиғаларына байланысты өздерінің шағымдары мен талаптарын мемлекет басшысы, сенат төрағасы және мәжіліс төрағасына жеткізді. Олардың пікірінше заң жүйесіне өзгеріс енгізіп, жазаны қаталдату керек.

«Қазақстанда жануарларға садистикалық және өте қатал қарау жағдайлары жиілеп кетті. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша жазаның жеңілдігі соншалық, жануарларға қатігездік жасайтын адамдар күш көрсеткендерін видеоға түсіріп, жүктеп жатыр. Оны балалар да көріп отыр», — дейді олар. 

Қазіргі таңда жануарларға көрсетілген қатігездік үшін салынатын айыппұл мен тағайындалатын жаза мөлшерін аз деп есептейтіндер тіпті ондай адамдарды психиатриялық тексеруден өткізу керек деп отыр. 

«Сондықтан, біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, жануарларға қатыгездікке күдік туғызатын адамдарды міндетті психиатриялық тексеруді енгізуді, сондай-ақ жануарларға қатыгездік үшін қылмыстық жазаны қатаңдатуды талап етеміз. Осы бап бойынша жаза айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерде айыппұл салумен шектелген немесе бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстары, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу қарастырылған. Біз бұл жазаны амалға сәйкес емес деп санаймыз», — дейді олар. 

Белсенділер жануарлардың мемлекет үшін алатын орны ерекше деп санайды.  Жануарларды қатігездікпен ұрып-соғу әділетсіз деп есептейміз дейді олар. 

«Ұлттың ұлылығы оның жануарларға қатынасымен анықталады. Махатма Ганди осылай деді, және әлем тарихы, жануарлар медицинада, полицияда, армияда және экономикада әрдайым адамдардың көмекшісі болған және болып қала беретінін көрсетеді. Құрметті Президент, Сенат Төрағасы және Мәжіліс Төрағасы, сіздердің әділ және сезімтал адам екендеріңізге сенеміз. Келешек ұрпақ үшін жануарларды қорлаған адамдарға заң бойынша жазалауды күшейтулеріңізді сұраймыз», — дейді белсенділер. 

stan.kz