Алматының кейбір аудандарында бір ай ыстық су болмайды — Қазақстан жаңалықтары
Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы бірқатар ғимараттарды ыстық сумен қамтамасыз ету уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бір айқа жуық уақыт бойын Лисаковская — Айша Бибі, Волочаевская — Береке, Кожедуба — Янка Купала, Сүйінбай — Қазақпаева, Терешкова — Эйхе, Жайсан — Космостық, Кассина — Ақан Сера — Хетагурова көшелерінде орналасқан тұрғын үйлерге және басқа ғимараттарға ыстық су құйылмайтын болды. Бұл туралы Алматы жылу желілері жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айтып берді.
«Котельников 8-12 маусым аралығында; Майлина — Сүйінбай — Дүнентаева — Монтажная — Физули, сонымен қатар 8 маусымнан 7 шілдеге дейін Алтай-1, Алтай-2, Жұлдыз-2 шағынаудандары. Қазандықтардағы су жылыту жабдықтарын жөндеу жұмыстарына байланысты ыстық су қызметтеріне уақытша шектеулер енгізілді», — дейді «Алматы жылу желілері» ЖШС.
Олар суды бір айға жуық уақытқа өшіру жылумен қамтамассыз ету жұмыстарын қайта жөндеуден өткізу үшін қажет екенін айтады. Сонымен қатар, бұл кейбір қауіптердің алдын алу үшін жасалып жатыр деп сендіреді олар.
«Қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жоспарланған бұл шаралар күзгі-қысқы кезеңде жылу өндіру және тұтынушыларға беру процестеріндегі қауіптерді азайту үшін қажет», — деді «Алматы жылу желілері» ЖШС.
stan.kz