Алматылық тұрғын үйінде арнайы жасырын жерде 30 келіге жуық есірткі сақтаған

0

Қазіргі таңда есірткінің Алматыға келу жолдары анықталып жатыр.

Алматыда арнайы операция: заңсыз айналымнан 30 келіге жуық марихуанна тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес есірткі заттарын сақтау және өткізумен айналысқан 1969 жылы туылған күдікті ер адам ұсталды.

«ҚР ҚК 297-бабына сәйкес сот алды тергеу жүріп жатыр. Есірткімен айналысқан адам 50 жастағы Бостандық ауданының тұрғыны болып шықты. Оның іс-әрекеті көптеген жедел іздестіру және арнайы шаралардың барысында дәлелденді. Анықталғандай, фигурант улы затты өз үйінен жиі сатылымға шығарып отырған. Тауардың санаулы бөлшегі біздің қызметкерлермен тұрақты сатып алушыға сатып жатқан сәтте тәркіленді. Ал есірткі сақталған жасырын орынды біздер оның үйін тінту кезінде анықтадық: тексеру кезінде ішіне марихуана есірткі заты салынып, скотчпен оралған бес полиэтилен пакет табылды. Оның жалпы салмағы 29 киллограмм 169 грамм», – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі саудасымен күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Беркенбаев.

Сонымен қатар полиция таратқан мәлімет бойынша, қазіргі таңда есірткінің Алматыға келу жолдарын және осы қылмыстық бизнеске қандайда бір қатысы бар адамдарды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмысқа қатысы бар адамдардың барлығына бірдей ҚР қылмыстық заңнамасында қарастырылған шаралар қолданылатын болады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!



Zakon.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз