Алматылық қаңғыбастар: Автобусқа тиеп қаланың сыртына апарып тастады, аш жатырмыз – Қазақстан жаңалықтары

0

Қаңғыбастар қайда? Коронавирус елде тіркелгелі ірі қалаларда үй-күйі жоқтар көзден таса болды. Әншейінде вокзал жағалап, базар аралаған бомждар ізім-ғайым жоғалды. Көше кезбелерін белгісіз біреулер алып кетіп жатыр деген ақпараттар да жоқ емес. Карантин кезінде олар қайда болуы мүмкін?

вокзал жағалап, базар аралаған бомждар ізім-ғайым жоғалды

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Елімізде коронавирус тарала бастаған бойдан еліміздегі жергілікті билік өкілдері үй-күйсіз жандар, яғни бомждарды іздей бастады. Өздеріңіз білесіздер, үйі, жағдайы жоқ жандардың денсаулығы нашар болып келеді. Біз де соларды іздеуге шықтық. Мүмкін оларға көмек керек шығар, я арасында ауырып жатқандары бар ма?! Сол үшін ескі вокзалдың аумағына келдік. Әдетте осы жерде үй-күйі жоқтар көп жүретін еді. 

«Біз Теміржол вокзалынан көлікпен бір шақырымдай жерді өттік. Дәл осы жылы құбырларға, енді жергілікті тұрғындар осының маңын байқаңдар, бойлаңдар дегеннен кейін келе жатсақ, сондай бір үй-күйсіз адамды кездестірдік. Аты Костя екен. Жағдайы қалай, неге арнайы орталыққа бармайтынын білдік.

Костяның қолдары мен аяқтарын үсік шалған. Мүгедекпін дейді. Ащы суды да жиі ішетінін жасырмайды. Соның өзі де вирустан қорған деп түсінеді. Дәл қазір кейіпкерімізді коронавирус емес, полицейлер қорқытады екен. Өйткені, олар көзге түссе, басқа жаққа алып кетуі ықтимал. Талай таныстарын сөйтіпті.   

«Оларды қала сыртына апарып тастауда. Қарағанды, Павлодар, Шымкент, тіпті Қызылордаға дейін. Коронавирус тарағалы осы», – деді ол.

Костяның айтуынша, бұл жерде өзінен бөлек, тағы үш адам болған. Бір, екі, үш, төрт жатын орны. Екі жатын орнының адамдары осыдан бір жеті бұрын шығып, қайтып келмепті осы жерге. Ал мына жердегі әйел кісі осыдан бір жаққа кетіп, әлі қайтып оралмаған. Көріп тұрсыздар ғой, өте қиын жағдай. Анау жерде шай қоятын шәйнегі бар. Сол жерде от жағады. Оның қасына сағат, жуынып, қырынуға арналған заттары. Қиын дейді, тамағы да таусылыпты оның үстіне.

Кейіпкеріміздің тілдесіп тұрғанда жанында жүрген әйел кісі де келді. Өзін Назгүл деп таныстырды. Бетінде көрсетпеуді сұрады. Ол да адамдарды орталыққа емес, өзге жерге алып кетіп жатқандарын растады.

«Біздің полиция осылай жасауда. Автобусқа тиеп, қала сыртына апарып тастайды. Жақын орналасқан ауылдарға да жеткізіп жатыр. Мына жақта адамдар қалайда коронавирустан сақтанып жүр, ал ауылдарда ондай жағдай жоқ. Құдай сақтасын, біреу ауырып қалса не болмақ?!», – деді Назгүл.

Қалада қиын жағдайға тап болғандарды бейімдеу орталығы бар. Мемлекеттік мекемеге хабарластық. 180 адамға деп саналған жерде қазір 200-ден астам жан өмір сүруде.

«Қазіргі таңда қызмет алушыларға толық стандарт бойынша әлеуметтік көмек көрсетілуде. Осы індетке байланысты денсаулықтарын ешқандай шағымдар жоқ. Орталықта санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күшейтілген», – деді қалалық әкімдіктің өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметтік қосу орталығының маманы Сәуле Әбсадықова. 

Орталықтың берген жауабын дұрыс түсінсек, Костя мен Назгүл сияқтыларға орын қалмаған. Құзырлы органдар мүмкін сондықтан да, онсыз да жағдайы мәз еместерді өзге қала мен ауылдарға апарып тастаған болар. Олай емес дегің келеді-ақ. Бірақ, мынаған көз салыңыздаршы.

 

 

 

«Пропавших» алматинских бездомных нашли за городом ⠀ «Вот, привезли только что на «Газели» и выбросили, начался дождь, и они туда, не знают они, куда уходят, все в заросли деревьев куда-то уходят. Молодые и пожилые люди, какие-то старики и старухи. Я просто нечаянно заметил. Вот, они лежат, я не знаю, они живы ли», – говорит голос на видео. ⠀ Действия на кадрах, запечатлены в Талгарском районе Алматинской области. ⠀ Ранее в эфире социальные работники Алматы были встревожены исчезновением в городе попрошаек и бездомных, которых ищут как потенциальных разносчиков коронавируса. ⠀ Источник: Kaztag

Публикация от 🇰🇿 © ZTB.KZ (@ztb_kz)

Он шақты адамды көлікке тиеп әкелгендер ештеңе түсіндірмей кетіп қалыпты. Құдды бір әдейілеп жасағандай.

«Әрқайсымызды әр жерден әкелді ғой. Саяхаттан әкелді», – деді олар.

Алматының полиция департаменті бұл жағдайға қатысымыз жоқ деп отыр. Онда да арнайы 150 орындық орталықта 142- адам жатыр екен.  Сондай-ақ мамандар жоғарыда көрсетілген жандарды кім, қайда, не үшін ай далаға апарып тастағанын білмейтін болып шықты.
 



stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз