Алматылық «полицей» TikTok-та билегені үшін жазаланады
Алматылық азамат полиция қызметкерінің нысанды киімін заңсыз кигені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл туралы KzNews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция департаментінің арнайы тобы әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында ішкі істер органдары қызметкерінің нысанды киім-кешегін заңсыз пайдалану фактісін анықтады.
https://youtu.be/Bih_ZlxCsFQ
Сюжет бойынша полиция қызметкерінің нысанды киім-кешегін киген жас жігіт жауапкершіліктен жалтару тәсілі ретінде өтіп бара жатқан адамдарды өзімен бірге ТикТок билеуге шақырады.
Бұл факт бойынша Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі құқық бұзушының жеке басын анықтап, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабымен (Айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.