Алматылық ауруханаларда коронавирусқа байланысты жаңа мамандық пайда болады – Қазақстан жаңалықтары

0
3
Advertisement

Алматылық ауруханаларда коронавирус пандемиясына байланысты жаңа мамандық пайда болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

больница

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлім етті. 

Қазіргі таңда медициналық орталықтарда дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар атқарылуда екен. 

«Бүгінгі жағдайды ескере отырып, медициналық мекемелерде инфекциялық бақылауды күшейту үшін жақын арада қаладағы барлық ауруханаларда бас дәрігердің инфекциялық бақылау бойынша орынбасары қызметі тағайындалады. Бұл эпидемиологтардың дәрежесін өсіріп, кәсіби мамандарды тартуға және ауруханалардағы тиісті инфекциялық бақылауды іске асыруға мүмкіндік сыйлайды», – деді басқарма басшысы. 

Бұған қоса алғашқы санитарлық көмек көрсететін мекемелерде де инфекционистердің құзыреті өсетін көрінеді. 

Еске салайық, бұған дейін Камалжан Надыров күз мезгіліне дайындық жүріп жатқаны жайлы айтқан еді. 

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз