Алматылық әйел не үшін 9 қабаттан секіргені анықталды

Алматы қалалық полиция Департаменті тергеудің осы кезеңінде өзін үш баласымен 9-қабаттан лақтырып жіберген әйелдің әрекетінің алдын-ала себебі анықталғанын хабарлады.
Бұл отбасылық-тұрмыстық қатынастар негізіндегі жұбайымен болған жанжал. Өлім алдындағы жазбасы бар.
Басқа мән-жайлар анықталуда.
Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 105 бабына сәйкес тергелуде. Тергеу-жедел тобы құрылды.