ШҚО-да боранға байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді

0

Шығыс Қазақстан облысында бірқатар тасжолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда боран мен көктайғаққа байланысты өңірдегі бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді.

«Бүгін сағат 16.20-дан бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырамында (Герасимовка ауылы мен Семей қаласының аралығы), «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырамында (Белоусовка ауылы мен Риддер аралығы), «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 15-123 шақырамында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер қозғалысына шектеу енгізілді, — делінген ақпаратта.