Алматыға таяу маңда жер сілкінісі болды

0

Жер асты дүмпуінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 113 шақырым қашықтықта жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ Сейсмологиялық желілер стансасымен 5-ақпан күні Алматы уақытымен сағат 14.18 жер асты дүмпуі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 113 шақырым қашықтықта Қазақстанның аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергитикалық каласы 8.6. Магнитуда күші MPV 3.5 құраған. Ал тереңдігі 10 шақырым», — делінген хабарламада.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/