Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевқа тапсырма берді

0
Саясат

Қысқа сілтеме алу

12 0 0

Президентке «Нұр Отанның» атқарған жұмысы жайлы есеп беріліп, XVIII съезге дайындық барысы баяндалды

АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады.

Кездесуде мемлекет басшысына партияның биылғы ақпан айының соңында өтетін XVIII съезіне дайындық барысы туралы баяндалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Қазақстан президентіне партияның 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындылары туралы есеп берілді.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ бүгін мемлекет басшысы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан президентіне университеттің даму перспективалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/